Сот жүйесінің электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Сатбаев соттың жаңадан тағайындалған мамандары үшін семинар өткізді, оның барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулығын түсіндірді.

Семинар барысында судья инновациялық технологияларды кеңінен қолдану сот өндірісін жетілдіру бағыттарының басымдығы болып табылатындығын атап өтті.

Осылайша, бүгінгі таңда заманауи ақпараттық технологияларды енгізумен сот ісін жүргізуде Қазақстандағы сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігін және ашықтығын одан әрі арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі