Сот жарнама компаниясын банкрот деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыарқа ауданының Мемлекеттік кіріс басқармасы сотқа «Рекламно производственная компания «Lider» ЖШС –ны банкрот деп тану туралы талаппен жүгінді, оны компанияның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы бар екенімен түсіндірді. Басқармамен өндіруді қамтамасыз ету және орындау бойынша бірқатар шаралар қабылданған.

Алайда, компанияның мүлкі мен қаражатының, онымен қоса, өзге де материалды активтерінің жоқтығынан қарызын өтеуге мүмкіндігі келмейді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Рекламно производственная компания «Lider» ЖШС-ны банкрот деп таныды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі