Сот жалпы мүлікті ұстауға жұмсалған шығын сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2011 жылы 30 сәуірде ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2011-2020 ж.ж. ҚР тұрғын-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту туралы бағдарлама бекітілді.

Қала Әкімдігінің қаулысымен бағдарламаны іске асыру бойынша анықталған мамандандырылған уәкілетті ұйыммен елордалық тұрғын үйдің бірін жөндеуге бюджеттен қаржы бөлінген.

Өтініштерді беру туралы шартқа сәйкес, «С» ЖШС жалпы мүлікті жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтару бойынша кәсіпорыннан құқықтар мен міндеттемелерді қабылдады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 50 бабы негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері кондоминиум нысанындағы жалпы мүліктті қалпына келтіру шығындарына қатысуға міндетті. Кондоминум нысанындағы жалпы мүлікті қалпына келтіру шығындары ай сайын жүргізіледі.

Кондоминиум нысанындағы жалпы мүлікті қамтамасыз ету шығындарының мөлшері ортақ меншіктегі үй-жай иесінің үлесіне пропорционалды түрде белгіленеді, алайда әйел адам тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұза отырып, жөндеуге төлем жасамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, пәтер иесінен берешек сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

        

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі