Сот жалақы бойынша қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы мамырда қала тұрғыны еңбек келісім шарты негізінде компанияға сатушы-кассир ретінде жұмысқа қабылданды.

2017 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін жұмыс беруші бұрынғы қызметкерге жалақы төлемеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды және бұрынғы қызметкердің пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі