Сот тұтынушыға суық су бойынша өлшеу құрылғысын орнатуды міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Астана су арнасы» МКК халықты суық сумен қамтамасыз ету және ағынды суларды жеткізу қызметтерімен қамтамасыз етеді. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 11-бабының 4-тармағына және 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 сумен жабдықтау және санитарлық қызмет көрсету жөніндегі үлгілік шарттың 20-тармағының 1 тармақшасына сәйкес тұтынушы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге арналған есепке алу құралдарымен және толық көлемді болуы тиіс берілген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуге міндетті.

Сот отырысында анықталғандай, қала тұрғыны «Астана су арнасы» МКК-ның тұтынушысы бола тұра,  заңнама талаптары мен қоғамдық келісім шарттарды бұза отырып, өлшеу құрылғысын орнатпаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты тұтынушыны суық су бойынша өлшеу құрылғысын орнатуға міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі