Сот техникалық су құбырының жарылу себебінен келтірілген материалдық шығын сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы наурыз айында техникалық су құбырында жарылыс болған.

Жарылыс кезінде елорда тұрғынының пәтерін су басқан.

Қазіргі уақытта су басқан үйдің жағдайы өте нашар, іші ылғалданған, үйде тұру мүмкін емес, қазір үй тұрғындары басқа жерде тұрып жатыр.

Аталған үйді тексеру барысында заң кеңесшісі және пәтер иесімен акт жасалды, онда су басуынан жиһаз бен есіктердің зақымдалғаны, залдағы және жатын бөлмедегі су деңгейінің 12 см болғаны жазылған.

Тұрғын үйдің қалыпты жұмысы үшін үйдің бүлінген бөліктерін қалпына келтіруге байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы орындамау құрылыс құрылымдарының жүк көтеру қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін және тұрғын үй құрылысының элементтерінің тез тозуына әкелуі мүмкін.

Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, «Астана су арнасы» МКК-дан материалдық шығын сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі