Сот шартты бұзып, қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы қала тұрғыны құрылыс компанияларының бірімен шарт жасаған, шартқа сәйкес ол тұрғын үй кешенінің құрылысына қаржы құяды, ал компания 2015 жылдың аяғына дейін құрылысты бітіріп, инвесторға үйді тапсыруға міндеттенді.

Сонымен бірге, компанияның пайдалануға берілу уақытында құрылысты бастауды қамтамасыз етпегені анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды, шартты бұзып, компаниядан шығын сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі