Сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«К» ЖШС Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына  Сарыарқа ауданы бойынша кіріс басқармасының ҚР ӘҚБтК 266 бабы бойынша  әкімшілік өндіру туралы қаулысына байланысты шағыммен жүгінді.

Сотта талапкердің өкілі екі кәсіпорын арасында тауарды жеткізу бойынша шарт жасағанын айтты. Төлем қолма-қол жасалған және  әрбір келісім сайын төлем сомасы 1000 АЕК аспаған.

 Жоғарыда аталғандардың негізінде талапкердің өкілі қолданылған құқықбұзушылық құрамымен келіспейді.

Алайда, сот іске қатысты жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, шағымды қанағаттанарлықсыз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі