Сот моральдық зиян сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы желтоқсан айында Астанадағы орта мектептердің бірінде сабақ арасындағы қоңырау кезінде  кәмелеттік жасқа толмаған М.-ға оның сыныптасы С. денсаулығына зиян келтірген.

Сот-медициналық сараптама бойынша, М.-ға қатты затпен ұру салдарынан сол жақ иығының үшінші орта сүйегінің сынғаны, сол жақ білекшесінде ашық жараның пайда болғаны, яғни өмірге қауіп төндіретін өлшемі бар ауыр дене жарақаты саналатын  қорытынды қойылды.

Жәбірленуші ауыр отадан шықты және оған сол қолының білек және жарық сүйегінен стерженді алып тастау бойынша тағы бір ота жасалғалы отыр.

ҚР Азаматтық кодексінің 926 бабының 1 бөлігіне сай, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін заңды өкілдері өтеуге тиіс.

Астана қаласы Алматы аудандық соты кәмелетке толмаған М.-ның пайдасына 400 000 теңге моральдық зиян сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.         

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі