Сот моральдық зиян шығынын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы өндірісте өліммен аяқталған қайғылы оқиға орын алды.

Еңбек басқармасымен арнайы тергеу жүргізіліп, акт жасалынды, оған сәйкес жұмыс берушінің кінәлі екендігі анықталды.

Актіге сәйкес, жұмыс беруші қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін сақтандыру канатын, сонымен бірге уақытша қорғаныс қоршауын орнатпаған, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы биіктікте қауіпсіз жұмыс жүргізуге бақылау жасамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, қайтыс болған жұмысшының туыстарының пайдасына моральдық зиян сомасын және жерлеу рәсімінің шығындарын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі