Сот материалдық залал және моральдық зиян сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы А. «HyundaiSuperAeroCity» маркалы автобусты басқарып келе жатып, елорда көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, онда ол «ауыр ми жарақаты» диагнозымен қайтыс болды.

ІІД тергеушісінің м.а. қаулысымен А.-ға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты қайтыс болған азаматшаның туыстарының пайдасына 625 752 теңге материалдық залал және 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

        

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі