Сот компанияны мемлекеттік органның бұйрығын орындауға міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы тұрғындардың өтініші негізінде ҚР «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заң нормаларының талаптарын сақтау бойынша «Н» ЖШС-нің қызметіне жоспардан тыс тексеру өткізілді.

Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзушылықтар анықталып, тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғасымен бұйрық шығарылды.

 Алайда,  жоспардан тыс қайта тексеру барысында  «Н» ЖШС-нің бұйрықты орындамағаны анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерді сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір айдың ішінде мемлекеттік мекеменің бұйрығын орындауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі