Сот қолданылған энергия үшін қарызды өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-і сотқа жеке кәсіпкерден энергиямен жабдықтау шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді, аталған шарт бойынша жауапкер міндеттемелерін орындамайтындығын алға тартты.

Сотта жауапкердің қолданылған энергия үшін ақыны уақытылы  төлемейтіні анықталды.

Азаматтық Кодексітң 482-бабының 1-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге міндеттенеді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі