Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялар және сот мамандары, «Право» ҚҚ, «Каминный», «Айбар», «Мұнайшы», «Москва KZ» ПИК өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ашқан судья А.Молдыбаева, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін енгізудің негізгі қағидаларының бірі халықтың сот ақпаратына қол жетімділігін және сот жүйесінің ашықтығын  қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

«2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» сервисін енгізді, ол пайдаланушыларға үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, сотқа талап арыз, өтігніш, арыз, шағым, қарсы талап беруге мүмкіндік береді»,-деді А.Молдыбаева.

Өз кезегінде, кеңсе меңгерушісі Г.Тәжімбетов сотқа электронды құжаттарды тапсырудың тәртібін түсіндірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ақпараттық сервистің артықшылықтары бойынша өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі