«Сот кабинеті» электрондық қызметі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық қызмет тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот судьялары, кеңсе меңгерушісі, екінші дәрежелі банк өкілдері қатысты.

Дөңгелек үсте модераторы ретінде судья Б.К.Батталова сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесін пайдалану барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, судья Б.К.Батталова өкілдердің сенім хаттарының тиісінше толтырылуына, жіберілген құжаттардың сурет сапасына қатысты мәселелерді сөз етті.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

         

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі