Сот елордалық тұрғынның құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы қаңтарда қыз бала «Ж» ЖШС-мен ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасады, оған сәйкес орындаушы белгілі бір қызмет түрлерін елордадағы қонақ үйлерлдің бірінде, атап айтқанда, тіркеу, орналастыру, төлем қабылдау және қонақтарды күтіп алуды жүзеге асыру міндеттелді. Қызмет көрсету мерзімі 04.01.2017ж. бастап 04.02.2017 ж.дейінгі уақытты құрады.

Елордалық тұрғын қонақ үйде бір ай жұмыс жасап, жалақы алмады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, елордалық тұрғынның пайдасына  қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі