Сот елорда тұрғынының пайдасына сақтандыру төлемін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы қараша айында қала тұрғыны және екінші деңгейлі банк арасында несие беру туралы банктік заем шарты жасалған.

Банкке қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үшін борышкер NissanAlmera маркалы көлік құралын кепілге қояды, ол сақтандыру компаниясының несиелеу бағдарламасы және банктің кепіл саясатына сай сақтандырылған.

2016 жылы қыркүйек айында борышкердің автокөлігі өртенеді, ол Төтенше жағдайлар бойынша басқарманың өрт туралы актісімен расталады.

Борышкер сақтандыру компаниясына сақтандыру оқиғасы туралы жазбаша өтініш беру арқылы хабарлаған.

Алайда, сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырмаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, тұрғынның пайдасына сақтандыру сомасын өндірді.       

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі