Сот банктік заем бойынша қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы қала тұрғындары екінші дәрежелі банктің бірімен келісім шартқа отырған, шарт талаптары бойынша банк борышкерлерге несие берген.

Борышкерлер несие келісім шартының талаптарына сәйкес, банк ұсынған қайтару кестесіне қол қойды, оған сәйкес тұрақты төлемдерді жүзеге асырудың бірыңғай күні белгіленді, алайда қарыз алушылар өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамады.

Осыған байланысты борышкерлерде банк алдында қарыз пайда болды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты елорда тұрғындарынан қарызды өтеу арқылы, талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі