Сот баланың құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордалық тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған Н.-ға дене жарақаттарын келтірген.

Сотта жауапкер баланы тәрбиелеу мақсатында ұрғанын айтып, өз кінәсін мойындады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтК 819 бабының 2 бөлігін негізге ала отырып, сот әкімшілік айыппұлдың сомасын жалпы сомасынан 30% -ға қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енді.  

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі