Сот автокөлік құралын тыйым салудан босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы қыркүйек айында «Suzuki Grand Vitara» автокөлігі түрінде борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізілді. Аукцион қорытындысы бойынша елорда тұрғыны жеңімпаз болып танылды.

Осы айда аукцион жеңімпазы мен жеке сот орындаушысы арасында аталған автокөлікті сатып алу-сату шарты жасалды.

Аталған шарт сатып алушының мемлекеттік ұйымдарда алған затын меншік құқығына тіркеу үшін негіз бола алады.

Алайда, салық органы көлік құралына төрт тыйым салу қойған, бұл сатып алушының жылжымалы мүлікке меншік құқығын тіркеуге кедергі болып отыр.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, автокөлікті тыйым салудан босатты.  

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі