Сарыарқа аудандық соты бұрынғы қызметкердің құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйел адам 2013 жылдан бастап елордалық компаниялардың бірінде есепші болып жұмыс атқарған.

Алайда 2016 жылдың сәуір айынан бастап шарт бұзылғанға дейін жауапкер тарапына еңбекақы төленбеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-тармағына сәйкес, сот органдарын тағайындау азаматтар мен Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету, заматтар мен ұйымдардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, компаниядан жалақы бойынша және пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыны өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі