Науқас сотта тіс дәрігерін жеңді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы азаматша елордалық тіс емханаларының біріне тісін емдетуге барған. Тіс дәрігері науқастың тісін емдеген және протездеген.

Ем және протездеуден кейін науқас ас іше алмаған және оны ауырған тісі қатты мазалаған. Осыған байланысты ол тіс дәрігеріне шағымданғанда, жақын арада барлық асқынулардың басылатыны туралы жауап алады.

Алайда, уақыт өткеннен кейін де ауырсыну күшеймесе азаймаған, ол аздай, тісі шытынап, түсе бастаған.

Азаматша «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті»  ҚДСК-на тіс дәрігерінің әрекетіне шағым жасап жүгінді.

Науқастың шағымы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде стоматологиялық көмек жасау барысында эндодонтикалық және ортопедикалық ережелердің бұзылғандығы анықталды, атап айтқанда, түсі сәл сәйкес келмейді, коронка жоғары қойылған, коронканың бет жаққа қарай орналасқан, шайнайтын тістердің байланысуы бұзылған және емнен кейін бақылау ренгені жасалмаған.

Бұдан басқа, ақылы қызмет көрсетуге науқаспен келісім шарт жасалмаған, ем және протездеу жұмыстары келісімсіз жүзеге асқан.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, науқастың пайдасына төленген 1 060 000 теңгені және 150 000 теңге  моралдық зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі