Мердігерлік шарты бойынша қарыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың ақпан айында елордалық екі компания арасында қосалқы мердігерлік шарты жасалған, шарт талаптарына сай мердігерлік ұйым көпқабатты тұрғын үй кешені нысанында монтаж жұмыстарын орындауға міндеттенді.

Мердігерлік ұйым шарт бойынша міндеттерді толық көлемде орындады, алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызмет үшін төлемді тиісінше жүргізбеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі