Мемлекеттік қызметтің мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік қызметтің мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар. Басқарма тәртібіне қарсы қылмыс» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Убашева және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында судья Г.Убашева сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың себептері туралы әңгімеледі.

«Пара алғаны үшін - жауапкердің әрекеті немесе әрекетсіздігі дейін немесе кейін болғанына, сонымен бірге параны алдын ала алмақ болды ма, пара алушының мүддесі үшін қандай да бір іс-әрекеттердің жасалып жасалмағанына қарамастан жауапкершілікке тартылады. Жауапкерлердің әрекеттері параны бергені немесе алғаны,  олардың пара алушының мүддесін қанағаттандыру мақсатында пара бергені  болып саналады»,-деді Г.Убашева.

Шара соңында судья қатьысушылардың сұрақтарына тұщымды жауап берді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі