Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында мамандар қатысуымен, «Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шарада Есіл аудандық сотының аға сот приставы Н.Шарипов мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көзделген шаралар туралы әңгімелеп берді.

«Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату» мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимылға тікелей әсерін тигізеді. Өйткені сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызметкердін мінез-құлқыннын жоғары дәрежеде болуыннан басталады» - деп Н. Шарипов дәрісті аяқтады.

Дәріс соңында аға сот приставы мамандардың сұраған сұрақтарына толық жауап берді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі