Мас күйдегі ер адам елордалық тұрғынның денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы шілдеде  С. қатты масаң күйде, арақ алу мақсатында дүкенге келеді.

Дүкеннің жанында белгісіз себептермен С. мен Е. арасында дау туындаған, ол төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында С. үшкір затпен Е.-нің ішкі тұсынан жарақат келтірген. Соның нәтижесінде елордалық тұрғынның денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян келтірген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен С. ҚР ҚК 106 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі