Кәсіпорын нұсқаулықты тиісінше орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«К» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде тексеру жүргізілген, оның қорытындысы бойынша «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің бұзылғаны анықталды.

Кәсіпорынның төрағасына анықталған бұзушылықтарды жою  бойынша нұсқаулық берілген.

Алайда,  нұсқаулықтың орындауын бақылау кезінде кәсіпорын лауазымды тұлғаның нұсқауын тиісінше орындамағаны анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен кәсіпорын ҚР ӘҚБК-нің 462 бабының 3  бөлігі бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

     
Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі