Кәсіпорын банкрот деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа «АлФлай» ЖШС-ні банкрот деп тану туралы арызбен жүгінді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет нысаны басқа топтамаларға қосылмаған инженерлік ғимараттарды салу болып табылады.

Сот отырысында анықталғандай, кәсіпорында салық және өзгеде бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыз бар.

Кәсіпорынның банктегі шотының жабылуына байланысты, салық органы қарызды өндіре алмай отыр. Борышкердің мүлкі болмауынан, қарызды қайтару мүмкін емес.

Борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндігі жоқ болғандықтан, оның дәрменсіздігі расталады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «АлФлай» ЖШС-ін банкрот деп таныды, оны тарату үшін 9 ай мерзімге банкроттық рәсімін қозғады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі