Көшпелі сот отырысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының Есіл аудандық ІІБ-да Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Қайдарова көшпелі сот отырысын жүргізді.

Сот отырысы барысында ӘҚБК-нің 434 бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа қатысты 18 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза ретінде 10 (он) АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және бір құқық бұзушыға сот 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу қаулысын шығарды.

Сот отырысынан кейін судья А.Г.Қайдарова Есіл ауданының ІІБ-ның өкілдері үшін «Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс оқыды, оның барысында қатысушылар осы санаттағы әкімшілік істерді қарау кезінде пайда болатын өзекті мәселлерді талқылады.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі