Қолданылған энергия үшін қарыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың ақпан айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС және тұрғын- құрылыс кооперативі арасында энергиямен жабдықтау туралы шарт жасалған, соған сәйкес талапкер тұтынушыға электр және жылу энергиясын жібереді, ал тұтынушы қолданылған энергияны қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттенді.

Алайда, тұрғын-құрылыс кооперативімен қолданылған энергия үшін төлем жасау бойынша міндеттеме тиісінше орындалмаған, осыған байланысты кооператив алдыңда қарыз пайда болған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі