Әкімшілік сотта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылау бойынша судьялардың қатысуымен кезекті жоспарлы семинар өтті.

Семинар жұмысына қалалық соттың судьясы К.А.Ақтайлақов, сот төрағасы У.Рахматуллаев және судьялар қатысты.

Жұмыс барысында К.А.Ақтайлақов денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені туралы әкімшілік істерді қарау бойынша тиісті ұсынымдар берді.

Іс-шара соңында қатысушылар қылмыстық құқық бұзушылықтарды әкімшілік құқық бұзушылықтардан декриминализациялау мәселесін талқылады.

     
Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі