Келісім шарт жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Л» ЖШС М., С., Р., Б., К., М., Т., Р., Ч.  қатысты сатып алу - сату келісім шарттарын жарамсыз деп танып, тараптарды бастапқы жағдайына келтіру, басқа біреудің заңсыз иеленуінен мүлікті қайтару туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

          Сатып алу-сату шартының негізінде «Л» ЖШС-ның иелігінде Астананың сол жағалауында  екі пәтер бар.

ХҚКО-ның анықтамасынан кәсіпорын пәтерлердің заңсыз өзге жеке тұлғалардың иелігіне өткенін білді және М. мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарттың негізінде талапкердің меншік құқығы тоқтатылды.

Кейіннен пәтерлер басқа адамдарға сатылған.

Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамасына сәйкес, ЖШС-нің негізін қалаушы, не директоры жоғарыда аталған шартқа қол қоймаған.

ҚР АК-тің 9 бабы 1 бөлігіне сәйкес, соттың келісімді жарамсыз деп тануы, азаматтық құқықтарды қорғаудың бірден-бір жолы болып табылады.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен талапкердің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.          

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі