КазГЗУ студенттері үшін дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы О.Абдикерим Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттеріне «Сот – сот төрелігін жүзеге асырушы орган ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында О.Абдикерим  Қазақстандағы сот жүйесі сот төрелігін  Конституция және өзгеде Заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратынын атап өтті.

«Сот билігі азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарда белгіленген сот өндірісі нысандарымен жүзеге асады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға бағынады»,- деді О.Абдикерим.

Кездесу соңында студенттер қызықты дәрісі үшін жетекші маманға алғыстарын білдірді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі