Фирма қызметкерлеріне жалақы бойынша қарызды төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Фирманың қызметкерлері сотқа «Ж» ЖШС-не қатысты жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Сотпен анықталғандай, жұмыс беруші бір жыл бойы Аршалы ауданындағы «Қиыршық тас карьер» нысанын күзететін күзетшілеріне жалақы төлемей келген.

Азаматтық іс материалдарын зерделей келе, Сарыарқа аудандық соты талапкерлердің талап қою арыздарын қанағаттандырып, жауапкерден жалақы бойынша қарызды өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі