Ер адам заңсыз героин сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы Астана қаласы ІІД нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «Хан Шатыр» ОСО-ның автокөлік қоятын жерде ер адамды тінту кезінде, полиэтилен түйіншегінде салмағы 1,3433 грамм героин есірткісі табылды.

Сотталушыға тиесілі автокөлікті тінту барысында, салонның артқы бөлігінің сол жақ еденінінң астынан ақ түсті, нақты иісі бар зат табылды және алынды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, жкек іздеу барысында сотталушыдан алынған зат – аса ірі көлемдегі «героин» болып табылған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ж. ҚР ҚК 296 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі