Ер адам есірткі сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы мамыр айында Б. елордадағы тұрғын үйдің бірінде,  қасақана әрекет етіп, сату мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін салмағы 1,0876 грамм героин есірткісін джинсы шалбарының оң жақ қалтасында сақтаған.

2017 жылы мамыр айында Б. тұрғын үйдің кіре берісінен шығып келе жатқанда полиция қызметкерлерін байқап қалып, қалтасынан екі полиэтиленді ораманы лақтырып үлгереді.

Сол жерде куәгерлердің қатысуымен полиция қызметкерлері жерден табылған 1,0876 грамм болатын, яғни аса  көп мөлшердегі есірткі затына тексеру жүргізген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК  96 бабының 4 бөлігімен Б. кінәлі деп танылып, оған сотпен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі