Елорданың тұрғыны 7 жыл бойы тұтынған энергия үшін 4 млн. теңгеден аса қарызын төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сотқа елорда тұрғынынан қолданған элекр энергиясы үшін қарызды қайтару туралы талап арызбен жүгінді, арызға тұрғынның 7 жыл бойы энергияны тұтыну шартын бұзып келе жатқаны негіз болды, соның нәтижесінде онда қарыз пайда болды.

Тұтынушының үйі бірнеше рет электр желілерінен ақы төлемегені үшін ажыратылды, бірақ ол рұқсатсыз қосып алған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, тұрғыннан 4 млн.теңгеден астам қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі