Экономикалық сотпен шарт жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ екі компаниямен жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот отырысында 2016 жылы екі елордалық компаниялар арасында қосалқы мердігерлік шарты жасалғандығы анықталды, шартқа сәйкес мердігер жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға міндеттенді.

Алайда, мердігер жұмысты орындамай, жалған есеп-фактураларды жіберіп отырған.

Мемлекеттік органның салық есептілігінің талдауына сәйкес ЖШС-нің активтері, қызметкерлер штатының, мүлікке салық бойынша декларацияның жоқ екендігі анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  талап арызды қанағаттандырып, компаниялардың арасында жасалған қосалқы мердігерлік шартын жарамсыз деп таныды.

Астана қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі