Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына елордалық компаниялардың бірінен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында тарап өкілдерінен дауды медиативтік келісім тәртібінде реттеу туралы өтініш келіп түсті.

Жасалған келісімге сәйкес компания қарыз сомасын 2017 жылдың 30 қарашасына дейін төлеуге міндеттенді.

ҚР АПК-нің 277 бабының 6 бөлігіне сай іс бойынша өндіріс қысқартылды, талап арыз беруде төленген мемлекеттік баж жеке кәсіпкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі