Астана қаласы Судьялар одағы филиалының төрағасы отставкадағы судьяларды құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің астаналық филиалы Қарттар күніне орай отставкадағы судьяларға мерекелік кездесу өткізді.

Отставкадағы судьялар белгілі эстрадалық әнші Роза Әлқожаның «Арқада салған ән қандай?!» тақырыбындағы қазақстандық әртістердің қатысуымен өткізілген мерекелік кешті тамашалады.

Көптен күткен кездесу қонақтардың көңілін көтерді. Жылы тілдесу, бірге жұмыс істеген күндер туралы естелік біздің ардагерлерге өткен күндерінің құндылығы мен қазіргі мызғымас достықтың әрбір уақыты маңызды екендігін көрсетті.

Елордалық «Судьялар одағы» филиалының төрағасы А.Жүкенов атап өткендей, осындай кездесудің басты мақсаты – бұрынғы әріптестерге кездесуге мүмкіндік беріп, өткен шақты еске алуға, сонымен қатар судьялар қоғамдастықтағы соңғы жаңалықтарға құлағдар етуді көздейді.

Құрметке бөленген отставкадағы судьялар алғыстарын айтып, сот төрелігін іске асыруда сәттілік тіледі.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі