Антитеррорлық қорғанысты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 500 АЕК

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәсіпорын антитерролық қорғанысты қамтамасыз ету және оған сеніп тапсырылған обьектінің қауіпсіздігің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені тиісінше орындамады. Сот талқылау барысында бұл обьект терроризмге ұшыраған обьектілер санатына жататыны және терроризмге ұшыраған Қазақстан Республикасының обьектілерінің тізіміне енгізілгені анықталды.

«Терроризмге қатысты тұру обьектілерін антитеррорлық қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  03 сәуірдегі №191 қаулысының негізінде, әр обьект террористік шабуылға ұшырау мүмкін, терроризмге ұшыраған Қазақстан Республикасының обьектілері, терроризмге қарсы тұра алмайтын обьектілерді антитеррорлық қорғаныс жүйесі  осы талаптарға сәйкес  қорғау болу тиіс. Бұл талап ҚР территориясында  орналасқан меншік нысанына және ведостволық бағыныстылығына қарамастан терроризмге ұшыраған қайта жанартылған жаңа қондырғыларға қолданылады, сондай ақ инжинерлік және күзет обьектілерін және құралдарын оларға қылмыстық шабуылға қарсы тұру мақсатында жабдықтау тәртібін  белгілейді.

Аталған талаптар кәсіпорынмен орындалмады, осыған байланысты Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 500 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі