Алматы аудандық сотында мамандарға арналған семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Ғани Тәжімбетов, мемлекеттік қызмет атқарушыларға қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім артылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық сипатына жоғары талаптар қойылатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы және өз міндеттеріне деген адалдықтары мемлекеттік  басқарудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады», - деді Ғани Тәжімбетов.       

Шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі