Алматы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы аудандық сотының төрағасының м.а. М.Қасымова «Ашық есік күні» шарасы аясында Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу еліміздегі сот реформаларын таныстыру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында М.Қасымова әділ сот жүйесіне көшу, Әділет академиясындағы білім, заманауи ақпараттық-технологияларды енгізу, сот лауазымдарына кандидаттар мен мемлекеттік қызметшілерді таңдау тетіктері туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, студенттер азаматтық іс бойынша сот процесіне қатысты.

Іс-шара соңында студенттер іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, сотта жұмыс істеуге деген ықыластарын білдірді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі