Алматы аудандық соты тұтынушының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы ер адам жиһаз компанияларының бірінен жиһаз алады.

Тауарды пайдалану кезінде сатып алушы ақау тапты, оған байланысты сатушыға тауардың сапасыздығы туралы өтініш жібереді.

 Тексеру актісіне сәйкес, жетіспеушіліктің себебі – зауыттық ақау болып табылған.

Жиһаз компаниясы сатып алушының шағымына жауап бермеген, ақауды аластату бойынша қандай да бір шешім қабылдамаған, ауыстыру жасамаған. 

Алматы аудандық соты тиісті сапада ұқсас тауармен ауыстыруға міндеттеді және сатып алушының пайдасына 50 000 теңге көлемінде моральдық зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі