Алматы аудандық соты бұрынғы жұмысшының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылы мамыр айында ер адам еңбек шарты негізінде компанияға күзетші ретінде жұмысқа тұрған.

2013 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың сәуіріне дейін жұмыс беруші бұрынғы жұмысшыға жалақы төлемеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, бұрынғы жұмысшының пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

        

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі