Алқабилерге қойылатын талаптар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар және «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен "Алқабиге кандидаттар тізімін құрудың ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судья А.И.Әшірбеков алқабилер – сот төрелігі қағидаттарына толық жауап беретін, яғни тараптардың бәсекелестік сипаты, судьялардың тәуелсіздігі, объективтілігі, кінәсіздік презумпциясы сияқты адам құқықтарының кепілі екенін атап өтті.  Осы институтты енгізу қоғамның сот төрелігіне деген сенімсіздігін жеңеді, осылайша сот жүйесі нығаяды және ол қоғамның құқықтық санасын қалыптастыратын маңызды фактор болып табылады.

«Қылмыстық іс 1 судья және 10 алқабидің қатысуымен қаралады. Алқабилерді іріктеуде 12 адам таңдалады, оның екеуі қосалқы алқабилер болып табылады және негізгі құрамнан алқабилер шықса, олар істі қарауға қатысады»,- деді А.Әшірбеков.

ҚР Конституциясының 75 бабының 2 бөлігінде заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады делінген.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша алқабилер тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі