Жеке адамға қарсы қылмыстармен байланысты істерді қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстармен байланысты істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялар, Астана қаласы ІІД, Бас көлік прокуратурасының және Астана қаласы ІІБ-нің аудандық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында сот төрағасы Ә.Ш.Шайхисламов, жеке адамға қарсы қылмыстармен байланысты істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді тілге тиек етіп, қылмыстық істерді одан әрі  объективті тұрғыда қарау үшін, сотқа дейін тергеп-тексеру барысында жәбірленуші мен куәгерлердің барлық жауаптарын аудио-бейне жазуын пайдалану арқылы жүргізуге ұсыныс жасады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі