Шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы «С» ЖШС және «I» ЖШС арасында шарт жасалған, соған сәйкес жауапкер «Алматы-Кокпек-Чунджа-Коктал-Хоргос» объектісінде жұмыс жасауға, ал талапкер жұмысты қабылдауға және ақы төлеуге міндеттенген.

Алайда, сотта анықталғандай, жауапкер кедергі қоршауларды қою бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 33 млн. теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі