Тұрмысы төмен отбасыларына көмек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық соты Балаларды қорғау күні қарсаңында аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Сот ұжымы кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар жалғызбасты анаға материалды-қаржылай көмек көрсетіп, балаларға сыйлық тарту етті.

Кездесу барысында сот төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиев осындай іс-шаралар көп балалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларына,  ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында жасалатындығын айта кетті. Балаларды қоғау күні қарсаңында, әрбір бала мемлекеттің қолдауы мен көмегін сезіну қажет.

Осындай іс-шараға қатысу – мұқтаж отбасыларына ерекше қамқорлық пен көмек көрсетудің мүмкіндігі болып табылады.     

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі