Жұмыскер жұмыс берушімен еңбек қатынастарының фактісін дәлелдеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Ч. хабарландыру бойынша жеке баспаханаға жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірген.

Жұмыс беруші оны баспаханаға жібереді және Ч. екі күн бойы  жұмыс берушінің актісін ресімдеуінсіз баспа көмекшісі ретінде жұмыс жасайды.

Ч. одан әрі жұмысқа тиісті тіркеусіз жұмыс істеуден бас тартқан кезде, жұмыс беруші оны жұмысқа қабылдаудан және жұмыс істеген күндері үшін жалақы төлеуден бас тартқан.

Еңбек инспекциясына жүгінгеннен кейін, Ч. сотта өз құқықтарын қорғауға шешім қабылдады.

Сотта бұл мән-жайлар расталды, ал жауапкер Ч-ның жұмыспен танысу кезеңінен өткені туралы дәлелдері Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес келмеді.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» аудандық сотының шешімімен Ч-ның талап қоюы қанағаттандырылды, жұмыс берушіден жұмыс істеген күндері үшін жалақы және Ч-ның пайдасына моральдық зиянды өтеу өндіріп алынды.

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі